ФИФА рейтингінде Тәжікстан 4 сатыға жоғарыласа, Қазақстан 4 сатыға төмендеді

Автор: Azattyq Rýhy

Орталық Азия елдері арасында Өзбекстан ұлттық құрамасы көш бастап тұр

Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан ұлттық командасы 2019 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде 4 сатыға төмендеді. Бұл рейтинг ұлттық құрамалар арасында өтетін халықаралық үзілістен кейін жасалып отыр. Соңғы рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы 116-орынға жайғасты. Ал, Тәжікстан құрамасы рейтингте 4 сатыға жоғарылап (115), Қазақстанның алдына шықты. Орталық Азия елдері арасында Өзбекстан ұлттық құрамасы көш бастап тұр (88).

Еске салайық, Қазақстан қыркүйекте Еуропа-2020 чемпионатының іріктеуінде екі матч ойнап, бір жеңіліс тауып, бір тең ойынға қол жеткізді. Кипр құрамасымен ойында тең нәтиже (1:1) көрсетсе, Ресей құрамасына (0:1) есе жіберді. Екі матчты да сырт алаңда өткізді.

ФИФА рейтингі:

1. Бельгия — 1752
2. Франция — 1725
3. Бразилия — 1719
4. Англия — 1662
5. Португалия — 1643
6. Уругвай — 1639
7. Испания — 1631
8. Хорватия — 1625
9. Колумбия — 1622
10. Аргентина — 1614

42. Ресей — 1455
52. Шотландия — 1415
92. Кипр — 1261
116. Қазақстан — 1169
210. Сан-Марино — 835.