14 мамырға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер жұма, яғни 14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Солтүстік-батыс антициклоны әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауылмен бірге, солтүстікте – тұман түседі, шығыста  бұршақ жаууы ықтимал», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағаны облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді,  Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.