Синоптиктер 12-14 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады
12-14 желтоқсан аралығында елімізде күн суытады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атлантикадан жылы ауа массаларын алып келген батыс ағыны солтүстік-батысқа ауысып жатыр. Баренц теңізінен келетін арктикалық суық ауаның әсерінен республиканың көптеген облыстарында күн суытады.
Сондай-ақ қар, кей жерлерде қалың қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік облыстарда бұрқасын көтеріліп, солтүстік-батыстан екпінді жел еседі. Сондықтан орташа көпжылдық ауа температурадан 4…10°С-қа жоғары аномальды жоғары ауа райы желтоқсан айына тән температураға ауысады.