ШҚО-да 3 жасар қыз белгісіз жағдайда көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция қызметкерлері баланың сол жақ самайынан гематома тапқан

Фото: ашық дереккөзден

ШҚО-ның Алтай қаласында 3 жасар бала өз үйінде түсініксіз жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы қала тұрғындары әлеуметтік желіде жазып, баланың өліміне анасын кінәлаған. Полиция департаментінің ақпараты бойынша, қайғылы оқиға 28 қараша болған. Үш жасар қыз бала үйде ойнап жүріп, басынан ауыр соққы алған. Ал түнде анасы баланың тыныс алмай жатқанын байқап, жедел жәрдем шақыртады. Алайда жансақтау шаралары еш нәтиже бермеген екен. 

Полиция қызметкерлері баланың сол жақ самайынан гематома тапқан. Өзге дене жарақаттары болмаған. Қазір Қылмыстық кодекстің «Бала өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тиісті міндетті атқармау» бабы бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.