Коронавирус пневмониясы: тағы 5 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Бір күнде пневмонияның 173 жаңа жағдайы тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан тағы 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

11 мамыр күні коронавирус белгілері бар пневмонияның 173 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 70 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 53 757, 847 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 52 427-ге жетті.