Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 16 қазақстандық көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміз бойынша коронавирус жұқтырған 790 науқас ауыр жағдайда жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 10 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 15 адам қайтыс болды.

10 мамырдағы мәлімет бойынша, 41 723 адам коронавирус инфекциясынан (41 275 КВИ+ және 448 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 063 пациент стационарда, 26 660 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 790 адамның жағдайы ауыр,
• 181 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 108 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 8 мамырдағы мәлімет бойынша 23 жаңа жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталған. 44 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 53 564;  

өлім жағдайлары – 832;

барлығы 52 284 адам сауығып шықты.