Телеарнадағы «Aitarym bar» жобасы Үздік ток-шоу номинациясын жеңіп алды
Бүгін Нұр-Сұлтанда «Тұмар-2021» Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Биыл Бәйге бесінші мерейтойын атап өтуде.
Қатысушылар тізіміне қазақстандық телеарналарда 2020 жылы жарық көрген телевизиялық жобалар енді. Сыйлыққа қатысу үшін редакциялық коллективтер мен тележурналистерден барлығы 250 өтінім келіп түсті. Шорт-параққа 10 номинация бойынша 40 жұмыс енді. Лауреаттар әділқазылар мүшелерінің жабық дауыс беруі арқылы ұсынылған материалдарды кәсіби бағалау нәтижелері бойынша анықталды.
Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақының иегері атанды.
Іс-шара санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, жабық форматта өтті. Іс-шараға «Қазақстан РТРК» АҚ мен «Хабар» агенттігі АҚ демеушілік жасады.
«Тұмар-2021» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары:
Руслан Идрисов – «Atameken Business» телеарнасы
Камила Жусупова – «КТК» телеарнасы
«JOL» –«НТК» телеарнасы
«Теледәрігер» – «Qazaqstan» ұлттық арнасы
«Aitarym bar» – «Astana TV» телеарнасы
«Нығмет Нұрмақов. Төртінші Премьер-Министр» – «Сарыарқа» телеарнасы
«Жүзден жүйрік» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы
«Абай жолы» – «Хабар» телеарнасы
«Аналитика» – «Еуразия» Бірінші арнасы
«Ирбис TV» – Павлодар қ.
Пандемия кезінде үздік ақпараттық қолдау жасалғаны үшін арнайы сыйлық «Хабар 24» телеарнасына табысталды.
«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – сапалы қазақстандық телевияны дамыту және ілгерілету, телевизиялық контент өндірісінде талантты мамандарды қолдау және оның ең мықты өкілдерін мадақтау.