Қазақстан «қызыл» аймақтан шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Бірақ, «қызыл» аймақта тұрған жеті өңір бар

Коллаж

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

6 мамырдағы бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта – Шымкент қаласы мен Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймақтан шықты.