Қостанай облысында екі қала әкімі тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Арқалық пен Лисаков қалалары және Амангелді мен Наурызым аудандарының басшысы таныстырылды

фото: instagram.com/arkhimed_mukhambetov/

4 мамырда Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бірқатар қала мен аудан басшыларын жаңадан тағайындады.

«Бүгін қала мен аудан мәслихаттарының депутаттарымен келісе отырып, өз өкімімен келесі кадрлық өзгерістер енгізідiм. Арқалық қаласының әкімі болып Асанов Әмірхан Біркенұлы, Лисаков қаласының әкімі Ыбраев Абай Сәрсембайұлы тағайындалды. Одан әрі Амангелді ауданының әкімі Карбозов Талғат Тойшыбекұлы, Жітіқара ауданының әкімі Утегенов Нұржан Қайыржанұлы, Қарабалық ауданының әкімі Халықов Руслан Болатұлы, Наурызым ауданының әкімі Әбішев Қайрат Тынымбайұлы болып тағайындалды», - деп жазды өңір басшысы.

Өңір басшысы жаңадан тағайындалған әкімдердің алдына өңірлерді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде бірқатар міндеттерді қойды.