Атырауда жеке үйден үш адамның денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар газдан улануы мүмкін деген күдікпен сараптама жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Атырауда үш адамның өліміне қатысты іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар таратқан мәліметке сай, қала маңындағы жаңа аудан – «Жұлдыздағы» жеке үйлердің бірінен үш адамның денесі табылған. Ажал құшқан үшеудің екеуі — ер адам, біреуі — әйел. Олар газдан улануы мүмкін деген күдікпен сараптама жүргізіліп жатыр. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу де жүргізіліп жатыр. Адамдардың неден өлгені анықталғаннан кейін ғана қылмыстық іс қозғау-қозғамау туралы шешім қабылданады.