«Бірде-бір мүмкіндік жоқ». Головкинді нокаутқа түсіруге бола ма?

Автор: Azattyq Rýhy

Кіші Крис Юбэнк IBF және IBO чемпионын нокаутқа түсіретінін айтқан болатын

Talking Town ITFC подкастының авторы, ұлыбританиялық журналист Мэтт Филлипс отандасы кіші Крис Юбэнктің (30-2, 22 КО) таяудағы мәлімдемесіне жауап берді, деп жазады Prosports.kz.

Бұған дейін Юбэнк орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) нокаутқа түсіретінін айтқан еді. 

Филлипстің пікірінше, Юбэнк бұл айтқанын орындай алмайды.

«Оған бірде-бір мүмкіндік жоқ», — деді сарапшы Твиттердегі жазбасында.

Айта кетейік, Юбэнк пен Головкин 2016 жылы жекпе-жек өткізуі мүмкін еді, бірақ сол кезде екі тарап келісе алмай қалған болатын.