Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 799 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 2 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 18 адам қайтыс болды.
2 мамырдағы мәлімет бойынша, 43 707 адам коронавирус инфекциясынан (43 198 КВИ+ және 509 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 065 пациент стационарда, 28 642 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 799 адамның жағдайы ауыр;
• 177 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 116 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 30 сәуірдегі мәлімет бойынша КВИ белгілері бар пневмонияның 129 жаңа жағдайы тіркелді, 6 жағдай өліммен аяқталған. 105 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 53 071;
өлім жағдайлары – 807;
барлығы 51 755 адам сауығып шықты.