Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 325 499 адамға жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 2804 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласы - 429
Алматы қаласы - 685
Шымкент қаласы - 117
Ақмола облысы - 146
Ақтөбе облысы - 140
Алматы облысы - 275
Атырау облысы - 88
Шығыс Қазақстан облысы - 94
Жамбыл облысы - 69
Батыс Қазақстан облысы - 157
Қарағанды облысы - 237
Қостанай облысы - 27
Қызылорда облысы - 44
Маңғыстау облысы - 58
Павлодар облысы - 176
Солтүстік Қазақстан облысы - 33
Түркістан облысы – 29.
Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 325 499 адамға жетті.