Тұтынушы сауалнаманы QR-кодты сканерлеу арқылы алдын ала толтыра алады
Қазақстанға келген азаматтар шекарадан өткенде сауалнаманы сандық форматта толтырады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook- парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ресейден Қазақстанға қайтар жолдағы шекарада біздің елге қарай өткендерге сауалнама толтыруды сынақтан өткіздім. Бір айта кетерлегі осы уақытқа дейін сауалнамалар қағазға толтырылып келді. Енді мұндайға жол берілмейді. Қызметкерлер күн сайын жүйеге 1000 қағаз сауалнаманың мәліметтерін енгізеді екен. Қолмен. Біз оны сандық форматқа ауыстырамыз. Қосымшаны жүктеудің қажеті жоқ, тек QR кодын сканерлеп, смартфоннан сауалнаманы толтырыңыз», - деп жазды Бағдат Мусин.
Министр веб-ресурстың қолжетімді екенін, онда тұтынушы сауалнаманы алдын ала толтыратынын атап өтті.
«Мұндай қызметтер Еуропа елдерінде сәтті жүзеге асырылды. Тек QR-кодты сканерлеп, сауалнаманы толтырып, өтіп кетесіз. Эпидемиологтар жұмыстан кейін отырып, мәліметтер базасын толтырудың орнына сол уақытын туыстары мен достарына арнаса дейміз», - деп жазды Б. Мусин.