$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.04.2021, 17:10
Жаңалықтар

Қатаң сөгіс алған Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Берік Нығмашевтың орнына Нұржан Нұржігітов тағайындалды

Қатаң сөгіс алған Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды
фотосуретте: Нұржан Нұржігітов, Берік Нығмашев

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов тағайындалды.

Нұржан Нұржігітов 1967 жылы туған, білімі жоғары.

1991 жылы Ленинград ауылшаруашылық институтын (инженер-механик), 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін (экономика) бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.

Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы М.Горький атындағы колхозында механик болып бастаған.

Әр жылдары Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері, Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2019 жылдың тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін Байзақ ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.

Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Нығмашев Берік Болатұлы өз еркімен отставкаға кету туралы өтініш берген.

Еске сала кетейік, 12 сәуірде Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бергені үшін Атырау және Жамбыл облыстары әкімдерінің жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс жариялау жөніндегі Әлихан Смайыловтың (бірінші вице-премьер) ұсынысын қолдады. Сондай-ақ осы жұмысқа жауапты Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Есқабылұлы Нұрлыбаевқа және Жамбыл облысының әкімінің орынбасары Берік Болатұлы Нығмашевқа қатаң сөгіс беруді тиісті облыс әкімдеріне тапсырды. 

Серіктес жаңалықтары