Республиканың бірнеше өңірінде қалың тұман түсіп, найзағай ойнайды
Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің алты облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысында жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде найзағай соғады. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.