Біржан Хасанғалиев ата-анасының қазіргі жай-күйін айтты
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев пен оның жары Дарико Хасанғалиева жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы композитордың ұлы Біржан Хасанғалиев жариялады.
«Соңғы уақытта қаншама қоңырау соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. 4-5 күн болды, реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің айтқаны: «состояние стабильное, без ухудшения» - деген сөзі көп үміт және сенім береді», - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, 10 сәуірде Біржан Хасанғалиев ата-анасы коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді.