Алаңнан қуылған Жомарт Тоқаев жылап жіберді

Автор: Azattyq Rýhy

Оның командасы «Ақтөбе» клубынан жеңіліп қалды

фото: prosports.kz

Жақында ғана футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасында дебютті матчын өткізген Жомарт Тоқаев ел біріншілігінің плей-офф кезеңіндегі үшінші жартылай финалында «қызыл» қағаз алып, алаңнан қуылды.

«Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы матчта төреші Жомарт Тоқаевқа ойын ережесін бұзғаны үшін «қызыл» қағаз көрсетіп, алаңнан қуды. Командасы 3:5 есебімен жеңіліп жатқан «Атырау» ойыншысы төреші шешіміне наразылық білдіріп, ызаға булыққан жас ойыншы көзіне жас алды.

Нәтижесінде Жомарт Тоқаевтың командасы - «Атырау» «Ақтөбеден» 4:6 есебімен жеңілді.