Бір алтын, бір күміс: Қазақстан зілтеміршілері Азия чемпионатын сәтті бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей чемпион атанды

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы екі медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz

Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей чемпион атанды. Ол екі бағдарлама қорытындысы бойынша 255 келіні (115+140) бағындырған. 

Күміс жүлдені тағы бір қазақстандық ауыр атлет Абылай Әуелханов еншіледі. Абылай 244 келіні (108+136) еңсерген. 

Сондай-ақ Зүлфия Чиншало мен Игорь Сон да жүлдеге таласатынын естеріңізге саламыз.