18.04.2021, 17:54
Жаңалықтар
Бір алтын, бір күміс: Қазақстан зілтеміршілері Азия чемпионатын сәтті бастады
Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей чемпион атанды
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы екі медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей чемпион атанды. Ол екі бағдарлама қорытындысы бойынша 255 келіні (115+140) бағындырған.
Күміс жүлдені тағы бір қазақстандық ауыр атлет Абылай Әуелханов еншіледі. Абылай 244 келіні (108+136) еңсерген.
Сондай-ақ Зүлфия Чиншало мен Игорь Сон да жүлдеге таласатынын естеріңізге саламыз.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды