«Жасыл» аймақта екі облыс қана қалды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 17 сәуірде жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша Алматы облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймақта тұрған өңірлер қатарына енді. «Жасыл» аймақта тек екі облыс қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтсақ:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр;
«Сары» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр;
«Жасыл» аймақта: – Қостанай және Түркістан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2822 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 284 173 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 37 адам көз жұмды.