Ауа райының бұзылуына байланысты елордада, сонымен қатар Қызылорда, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жарияланды
Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
8 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын жел күшейіп, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
8 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны кей жерлерде - 15-20 м/с. Осы күні Көкшетау қаласының жолдарында көктайғақ болады. Түнде және таңертең оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
8 желтоқсан Нұр-Сұлтан қаласында бұрқасын соғып, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с дейін күшейеді.
8 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны кей жерлерінде 15-20 м/с болады.
8 желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел соғады. Осы күні түнде Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні - 15-20 м/с.