Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 269 519 адамға жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 2734 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласы - 591
Алматы қаласы - 709
Шымкент қаласы - 88
Ақмола облысы - 103
Ақтөбе облысы - 202
Алматы облысы - 355
Атырау облысы - 131
Шығыс Қазақстан облысы - 60
Жамбыл облысы - 49
Батыс Қазақстан облысы - 127
Қарағанды облысы - 210
Қостанай облысы - 33
Қызылорда облысы - 42
Маңғыстау облысы - 30
Павлодар облысы - 42
Солтүстік Қазақстан облысы - 46
Түркістан облысы - 24.
Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны 269 519 адамға жетті.