Өткен тәулікте ПТР-анықтамасы жоқ 16 жолаушы ұшып келді

Автор: Azattyq Rýhy

9 сәуірде елімізге 30 халықаралық әуе рейсімен 4135 жолаушы келді

 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 9 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушыларға қатысты ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2021 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Шри-Ланка, ҚХР, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсі келді.

4135 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4119 адам, анықтамасы жоқ 16 қазақстандық келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 277 жолаушы, анықтамамен - 2271, анықтамасыз - 6;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1036 жолаушы, анықтамамен - 1027, анықтамасыз - 9;

- Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 458 жолаушы, анықтамамен - 457, анықтамасыз - 1;

- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 296 жолаушы анықтамамен келген;

- Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 68 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ 2021 жылдың 8 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген азаматтардың ПТР талдауларының нәтижесі жарияланды.

«Анықтамасыз келген 15 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті», - делінген комитет хабарламасында.