«Олимп» букмекерлік кеңсесі лицензияны тоқтату туралы сот шешіміне шағымданатынын мәлімдеді
«Олимп» букмекерлік кеңсесі лицензияны тоқтату бойынша сот шешіміне шағымданбақшы. Бұл туралы компанияның сайтында айтылған, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«2019 жылғы 29 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты заңды күшіне енген жоқ. Таяу уақытта «Олимп» БК лицензияны тоқтату туралы сот шешіміне шағымданады», - дейді букмекерлік кеңсенің өкілдері.
Естеріңізге сала кетсек, ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, «Олимп» букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын хабарлаған болатынбыз.