КВИ таралуы бойынша сегіз өңір «қызыл» аймақта тұр – ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ Шымкент қаласы мен төрт облыс «сары» аймаққа енді

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 10 сәуірде жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша еліміздің сегіз өңірі «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Атап айтсақ:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр;

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр;

Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2734 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 266 677 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 13 адам көз жұмды