Елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді

Автор: Azattyq Rýhy

11 сәуір күні қаладағы және қала маңына қатынайтын бағдарлар тоқтатылады

Фото: ашық дереккөзден

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жексенбі, яғни 11 сәуір күні қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«City Transportation Systems» компаниясының мәліметінше, бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Қаладағы қоғамдық көліктер дүйсенбіден бастап қалыпты режимде жұмыс істей бастайды.

«Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді», - делінген компания хабарламасында.