Бір тәулікте 116 адамнан пневмония анықталды
Елімізде коронавирус пневмониясынан тағы 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
5 сәуірде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 116 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 163 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 50 955, 713 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 49 290-ға жетті.