КВИ таралуы бойынша үш өңір «сары» аймақта тұр
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 4 сәуірде жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша еліміздің алты өңірі әлі де «қызыл» аймақтан шыққан жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтсақ:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары тұр;
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары тұр;
Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2054 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 253 107 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 11 адам көз жұмды.