Петропавлда полиция қызметкерлері жемқорлық күдігіне ілінде

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

көрнекі сурет

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Петропавл қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар автокөлік жүргізушісінен әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.