Қоғамдық көліктерге дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі
Алдағы жексенбі, яғни 4 сәуірде Нұр-Сұлтанда қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.
«Жексенбі күні, 4 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі», - делінген хабарламада. ⠀
Жолаушылар тасымалымен айналысатын компания өкілі автобусқа бетпердесіз кіруге болмайтынын ескертті. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.