Облыста «Antikor ortalyǵy» ашылды
Кезекті, төртінші жемқорлыққа қарсы орталық Қарағанды облысында ашылды деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметі.
Сервистік орталықтың кіре берісінде қонақтарды соңғы үлгідегі сөйлейтін «Робот» қарсы алып, өзі еркін жүріп «Antikor ortalyǵy» қызметімен таныстырды. Құлтемірдің ұраны кеудесіне жазылған: «Әділдік, парасаттылық, сенім».
«Сервистік орталық «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бастамасын іске асыру аясында азаматтарға қолайлы жағдайлар жасап, олармен жедел әрі тиімді қарым-қатынас жасауға арналған диалог алаңның рөлін атқарады»,- делінген баспасөз хабарламасында.
«Antikor ortalygy»-да кеңес берушілер бөлмелері, пресс-орталық, жұмыс бөлмелер және «Сарыарқа –адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мамандарының бөлмелері орналасқан.