Алдағы күндері жауын-шашын тоқтайды
Қазақстанда күн суытады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің айтуынша, Мәскеуден келген антициклон Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді, сондай-ақ жауын-шашын тоқтайды.
Фронтал бөліктер әсерінен еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын түседі. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Қолайсыз ауа райы елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аптаның соңына дейін сақталады.