52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр
28 наурыздағы мәлімет бойынша, 23 310 адам короновирус инфекциясынан (21 007 КВИ+ және 2 303 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 811 пациент стационарда, 15 499 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 348 адамның жағдайы ауыр;
• 81 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.