«Сары» аймақта үш облыс бар
Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 28 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Атырау облыстары тұр.
«Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары орналасқан.
Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.