COVID-19: 4 өңір «қызыл» аймақта тұр

Автор: Azattyq Rýhy

«Сары» аймақта үш облыс бар

Еліміздің 4 өңірі «қызыл» аймақта тұр. Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Қазақстан өңірлерінде 27 наурыздағы эпидахуалды бағалау матрицасының деректеріне сүйенсек, «қызыл» аймақта БҚО және Атырау облысы, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар.

Сонымен қатар «сары» аймақта: Алматы, Ақтөбе  және Қарағанды облыстары тұр.

Еліміздің қалған өңірлері «жасыл» аймақта.