47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр
27 наурыздағы мәлімет бойынша, 22 746 адам короновирус инфекциясынан (20 331 КВИ+ және 2 415 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 434 пациент стационарда, 15 312 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 342 адамның жағдайы ауыр;
• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.