Мегаполисте ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды
Алматыда қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктеріне шықпауға кеңес берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендері су алабтарында (2100 метр жоғары биіктігіне) 26-27 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін.
«Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар», - делінген хабарламада.