Елімізде коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 321 адамның жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 321 адамның халі нашар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елімізде 22 131 адам коронавирус инфекциясынан (19 623 КВИ+ және 2 508 КВИ-) емделуде. Оның ішінде 6 981 пациент стационарда, 15 150 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:

321 адамның жағдайы ауыр;

75 пациенттің жағдайы өте ауыр;

47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.