1 тамыздан бері бұл індеттен 672 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус пневмониясынан тағы үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
24 наурызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 63 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 171 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50215, 672 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 47 035-ке жетті.