Көлік қозғалысына шектеу екі облыста енгізілді
Күн райының бұзылуына байланысты қозғалысқа шектеу келесідей республикалық маңызы бар тас жолдарда енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында:
Жүк және қоғамдық көліктер үшін:
1. «Самара-Шымкент» автожолының 776-1153 шақырымында, атап айтқанда, «ЭКО ОЙЛ» ЖҚБ мен (М-32 и А-26) жол айырығы аралығындағы учаскеде.
2.«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 0-234 шақырымында, атап айтқанда, Қарабұтақ ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаскеде.
Автокөліктің барлық түрлері үшін
3. «Қандыағаш-Эмба-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-257 шақырымында, атап айтқанда, Қандыағаш және Шалқар қалаларының аралығындағы учаскеде.
4. «Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» автожолының 100-180 шақырымында, атап айтқанда Қандыағаш қаласы мен Шұбарқұдық ауылының аралығындағы учаскеде (учаске реконструкцияланып жатыр, «Юнисерв» ЖШС)
Қостанай облысында:
1. Жүк және қоғамдық көліктер үшін «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 234-368 шақырымында, атап айтқанда, Ақтөбе облысының шекарасы мен Денисовка ауылының аралығындағы учаскеде.