1 тамыздан бері бұл індеттен 669 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус пневмониясынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанда 25 наурыз күні коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 6 жағдайы және 2 өлім тіркелді.
Оған қоса 153 адам аталған дерттен емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап ел бойынша ауырғандар саны 50 152 адамды құрады. Сондай-ақ 669 адам қайтыс болып, 46 864 адам жазылып шықты.