Кеше елімізге 30 халықаралық рейс келді
Кеше еліміздің аумағына 30 халықаралық рейс келіп қонды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
Ұшақтардағы 4398 жолаушының 32-сінде теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасы болған жоқ. Олар әуежайдан карантиндік стационарға жеткізіліп, сол жерде тест тапсырды.
Бұл рейстер Үндістан, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келді. Бұл ұшақтардың басым бөлігі Алматы қаласына қонды. Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтау, Қостанайға әуежайлары да бірқатар рейс қабылдады.