Ол таңғы сағат 6-да үйден шығып кеткен
Қызылорда облысы Шиелі ауданында таңғы уақытта үйінен шығып кеткен бес жастағы бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Полиция қызметкерлері адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді. Іздестіру жұмыстары барысында жоғалған бала аудан орталығында табылды. Бүгінгі таңда баланың анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Ата-аналардан балаларды бақылауды күшейту қажет екендігін ескертеміз», - деп жазылған хабарламада.