COVID-19: үш өңір әлі «қызыл» аймақта тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Бес облыс «сары» аймақта

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 24 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы тұр.

«Сары» аймақта Ақмола, Ақтөбе Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.