$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.03.2021, 00:59
Жаңалықтар

Елорда әкімдігі тұрғындарды карантин шараларын сақтауға шақырды

22 наурызда қалада COVID-19 вирусын жұқтырған 28 248 адам тіркелді

Елорда әкімдігі тұрғындарды карантин шараларын сақтауға шақырды
Фото: ашық дереккөзден

Соңғы аптада сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптадан 76%-ға жоғары, яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш — 106,96 құрады. Репродуктивті саны — 1,506, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сырқаттанушылық көрсеткішінің артуына байланысты елорда 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймақта» енді.

Нұр-Сұлтан қаласында осы жылдың 22 наурызында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 28 248 жағдай (оның ішінде 17 947 — симптомды және 10301 —симптомсыз) тіркелді.

Тәулігіне 203 расталған алғашқы зертханалық жағдай тіркелген (симптомдары бар 136 жағдай, 67 симптомсыз жағдай), өсім — 0,85%.

Тіркелген 136 симптомдық жағдайдың 39-ы байланыста болған адамдар арасында анықталды, 97-сі өз өтініші бойынша тексерілді.

Осы жылдың 22 наурызында 67 симптомсыз жағдай анықталды, оның ішінде байланыста болған адамдар арасында 53 адам анықталды.

Бір тәулік ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың 39 жағдайы анықталды.

Анықталған — байланыста болған 357 адам, барлық жұмыс істеп тұрған ошақтар саны – 1321, оның ішінде: үйде – 834 (байланыста болғандар саны — 1497), ұйымдастырылған – 487 (ұйымдасқан ұжымдардағы байланыста болғандар — 1917).

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантиндік шараларды қатаң сақтауды ұсынады:

- Маска режимі;

- адам көп жиналатын орындарға бармау (естелік іс-шаралар, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, үйлену тойлары, беташар және басқа да іс-шаралар);

- әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз;

- қолды сабынмен жиі жуыңыз немесе антисептикпен зарарсыздандырыңыз.

Қаладағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды сұраймыз!

Серіктес жаңалықтары