ҰҚК Ақмола облысында синтетикалық есірткі сатқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады

Автор: Azattyq Rýhy

Ұсталғандар есірткіні әлеуметтік желілер арқылы сатып келген

Фото ашық дереккөзден

ҚР ҰҚК Ақмола обьлысы бойынша департаментінің мамандары Нұр-Сұлтан қаласына «PVP» синтетикалық есірткісін жеткізуді жолға қойған қылмыстық топтың жолын кесті деп хабарлайды аталған комитеттің баспасөз қызметі.

6 қарашада жүргізілген операция кезінде Ақмола облысының 4 тұрғыны ұсталған. Оларды ұстау кезінде үйлерінен 300 грамнан астам «PVP» синтетикалық есірткісі, есірткі қалдықтары бар ыдыстар мен оларды орауға арналған полиэтилен пакеттер табылып, тәркіленіп алынды.

Қазір ұсталған күдіктілер Көкшетау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалып, олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағы бойынша іс қозғалды.