1 тамыздан бері бұл індеттен 664 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 2 адам көз жұмды, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.
«21 наурызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 188 адам емделіп шықты», - делінген хабарламада.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50131, 664 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 46561 жетті.