21 наурыз күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Жексенбі күні жел, көктайғақ, тұман болады

Фото: ашық дереккөзден

21 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болып, екпінді жел соғады. Солтүстік-батыста жаяу бұрқасын күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстікте және оңтүстік-батыста найзағай болжанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында желдің күші кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары артуы мүмкін. Жолдарда көктайғақ, кей жерлерде тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болжанады.

Ақмола, Қостанай облыстарында түнде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с екпінде жел соғады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды, Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с артады.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, Түркістан облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын болжанады. Желдің күші - 18 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.