5 мыңнан астам жалған алкоголь бөтелкесі тәркіленіп алынды
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Ақтөбе облысында контрафактілік алкоголь өндіретін екі жасырын цех қызметінің жолын кесті. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«5 мыңнан астам жалған алкоголь бөтелкесі, 6 мың литрдан астам спирт және мыңдаған жалған есепке алу-бақылау маркасы тәркіленіп алынды. Криминальды бизнесті үш ақтөбелік саяжай кооперативі аумағында жүзеге асырған», - делінген хабарламада.